AA

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Ақмола облысының әкiмi Е.Маржықпаевтың атынан Бұланды ауданының әкiмi Ерсейiтов Талғат Аманбайұлының халық алдында 2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуiне қатысты.

Әкiм өз есебiнде: аймақтағы экономикалық өсiмнiң негiзi Ауыл шаруашылығы болып қала бередi,- деп атап өттi. Шаруалар жақсы жұмыс жасады.

Аудан басшысы, аймақ экономикасының барлық салаларының даму серпiнi мен биылғы жылға жоспарларына тоқталды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына көп көңiл бөлiнедi.

Тұрғын үй құрылысы саласында 2019 жылы ауданда 8,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 77 пәтер пайдалануға берiлдi, 2018 жылға қарай 206,1% (4,1 мың шаршы метр немесе 18 пәтер) ұлғайды.

2019 жылы Макинск қаласындағы 40 пәтерлiк жалдамалы үй пайдалануға берiлдi.

Сонымен қатар, әкiм, өкiнiшке орай, жоспарлардың бәрi орындалмағанын айтты — 2019 жылы Макинск қаласында 45 және 60 пәтерлi тұрғын үй падалануға берiлмедi . Сонымен бiрге, биыл ОБ-тен үш көп пәтерлi тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 17,1 млн. теңге бөлiндi.

Сондай-ақ, Ақмола облысының әкiмдiгi ағымдағы жылы барлық салаларда iске асыру үшiн және ағымдағы жылға бөлiнген бюджет қаражатының игерiлуiн қамтамасыз ету үшiн бiрқатар мiндеттер қойды.

Жалпы, сұхбат өте сындарлы болды және жиналысқа қатысушылар жан-жақты қойған сұрақтарға жауаптар берiлдi.

Мақаланы құрған күні 05.02.2020
Қаралым саны: 462
© 2020. Ақмола облысының құрылыс басқармасы