ДССССРБСЖМСНЖК
Өз ісін білетін адам

Бiздiң әрқайсымызда үлгi тұтар бiр iстi үйренетiн және ұқсас болғымыз келетiн адам бар.

Бүгiн мен бiр ғажайып адам, өз iсiнiң кәсiби маманы адам туралы айтқым келедi.

"Кокшетаугорсельпроект жобалау институты" ЖШС-де принциптi, жауапты, тамаша адам Оспанов Әмiржан Алмазович жұмыс iстейдi.

Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау ССК-1 СПМК-де слесарь болып бастады, сонымен қатар жүргiзушi, монтажшы, газэлектрдәнекерлеушi болып жұмыс iстедi. Әмiржан Алмазұлы тек құрылыс саласында ғана 35 жылдан астам еңбек өтiлi бар.

2004 жылдың қыркүйек айынан жобалардың бас инженерiнен бастап, қазiргi уақытта "Көкшетаугорсельпроект жобалау институты" МКК-да директор қызметiн атқарады.

Осы кезеңде, оның әзiрленген жобаларына сәйкес Ақмола өңiрiнде ғана емес, Солтүстiк Қазақстан облысында да көптеген тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер салынды: Красный Яр ауылындағы 138 екi пәтерлi тұрғын үйге арналған "Нұрлы көш" құрылыс жобасы, Красный Яр ауылындағы 100 екi пәтерлi тұрғын үй құрылысы жобасы, ауданы 800 га астам ғимараттарды, имараттар мен инженерлiк желiлердi нақтылау және отырғызу, Солтүстiк Қазақстан облысы Новоишимка с. 200 орындық жатын корпусымен 400 орындық мектеп — интернат кешенiне және Целиноград ауданының Талапкер, Қосшы, Қоянды, Қабанбай батыр ауылдарында, Көкшетау қ. Центральный, Сары Арқа, Жайлау, Көктем шағын аудандарында, Президенттiк мектеп ауданында, Застанционный к. 320 орындық және 280 орындық балалар бақшаларына жобалық-сметалық құжаттамалары. Ақмола облысының қалалары мен ауылдары бойынша "Ауыз су" бағдарламасы бойынша магистральды және таратушы су құбырларын қайта жаңарту жүргiзiлдi, Қызылорда қаласында, Арал қаласында және Маңғыстау облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi тексерiлдi.

Бұл ғажайып адам өз iсiнiң маманы.

Ағымдағы жылы Ақмола облысының құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесi және еңбегi үшiн Оспанов Әмiржан Алмазұлы "Қазақстанның Құрметтi Құрылысшысы" (Почетный строитель Казахстана) төсбелгiсiмен марапатталды.

Облыс құрылысшылары мен әрiптестерiнiң арасында үлкен беделге ие, үлкен кәсiби тәжiрибесiмен жастармен бөлiседi.

Оспанов Әмiржан Алмазұлы мейiрiмдiлiктiң, парасаттылықтың, интеллигенцияның биiк ұстар тұлғасы.

Әмiржан Алмазұлы отбасылы, үйленген, екi баласы бар, оларда сәулетшi болып оның жолын жалғастыруда.

10.12.2019
Қараулар: 117