ДССССРБСЖМСНЖК
Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу барысы

Ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнде сумен қамту және су тарту объектiлерiң құрылысы бөлiмiнде Ақмола облысындағы Аршалы ауданының Жiбек жолы, Ақ бұлақ ауылдарын, Ерейментау ауданының Ерейментау қаласын және Ақсуат ауылын, Есiл ауданының Дальнее, Красивое, Московское, Жаныспай ауылдарын сумен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргузiге жобалау — сметалық құжаттарды әзiрлеу бойынша «Акмола-мониторинг» ЖШС-нiң есептемесi тыңдалды. Жобалар бойынша жалпы тараулар, топографиялық және гидрогеологиялық карталардың жұмыс негiздерi құрылған, масштабты ғарыштық суреттер жасалды. Жобаларды аяқтау ағымдағы жылдың қазан айында қарай жоспарланып отыр.

03.08.2017
Қараулар: 822