Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ағымдағы жылдың қаңтар — маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемi 103,2%–ды немесе 36,5 млрд.теңгенi құрады (НКИ 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 34,4 млрд. теңгенi немесе 103,6% — ды құрады).

Көрсеткiштiң орындалмауы келесi аудандарда байқалады:

Ақкөл ауданы-53,9%;

Атбасар ауданы-61,8%;

Бұланды ауданы-63,4%;

Ерейментау ауданы-28,7%;

Есiл ауданы-51,1%;

Қорғалжын ауданы — 29,8%.

Көкшетау қаласында 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастық Форумын өткiзуге дайындыққа қатысты

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 6 жоба бойынша 2 714 967 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiндi.

1.Ақмола облысы Көкшетау қаласының РК-1-ден НПС-2-ге дейiнгi учаскеде Ду 800мм-ден Ду1000мм-ға ТМ-2 жылу магистралiн салу және қайта жаңарту-618 043 мың теңге;

2. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстiгiне қарай магистральды инженерлiк желiлердiң құрылысы (ауданы 38,6 га учаскеде). D-800 жылу желiлерi- 906 900 мың теңге;

3. Көкшетау қаласындағы Васильковский ш/а және Сүлейменов көшесiнен Центральный ш/а арасындағы жолды Nursultan Nazarbaev даңғылына дейiн орташа жөндеу -408 092 мың теңге;

4. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Горький көшесi — Абай көшесiнiң қиылысындағы жолды қайта жаңарту — 134 751 мың теңге;

5. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Горький көшесi — Жүнiсов көшесiнiң қиылысындағы жолды қайта жаңарту — 246 398 мың теңге;

6. Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Кенесары көшесiнен қан орталығына бұрылысқа дейiнгi Қопа көлiнiң жағасы бойымен жол салу (1 кезек)- 400 783 мың теңге.

Шеткi инфрақұрылымын дамыту.

2019 жылға 3 жоба бойынша 1 354 200 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiндi:

1.Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы су бұру (кәрiз) желiсiнiң құрылысы (4 кезек) — 871 200 мың теңге.

2019 жылы ОБ-тен 35,0 млн. теңге бөлiндi, 30,0 млн. теңге игерiлдi

01.07.2019 ж.республикалық бюджеттен бөлiнген ақша қаражаты бойынша 240,0 млн. теңге игерiлдi.

Бүгiнгi күнi ф160 — 12,7 км құбырларды төсеу және 309 дана құдықтардың Т/Б монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде.

Нысанды аяқтау үшiн облыстық бюджеттен 62,0 млн.теңге қажет.

Нысанды 2019 жылы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда.

2.Целиноград ауданы Ақмол а. 45 ш. тұрғын үйдiң құрылысы (поз.6) — 383 000 мың теңге. Конкурстық рәсiмдер аяқталды, мердiгер "Астана КөктемС" ЖШС, шарт қазынашылық органдарында тiркелуде.

3.Целиноград ауданы Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп құрылысы-100 000 мың теңге.

Мақаланы құрған күні 24.07.2019
Қаралым саны: 936
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы