ДССССРБСЖМСНЖК
2019 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша ақпарат

2019 жылы Ақмола облысы құрылыс басқармасының бюджетiнде 19 даму бағдарламасын iске асыруға, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй (коммуналдық, кредиттiк), инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым, сумен жабдықтау жүйелерiнiң құрылысы бойынша нақтылауды ескере отырып, жалпы сомасы 22 564,9 млн.теңге ақшалай қаражат көзделген.

01.07.2019 жылға қаржыландыру жоспары бойынша 6 289 009,2 мың теңге, орындалғаны 6 289 008,6 мың теңгенi немесе 100% құрады.

Ақмола облысының құрылыс басқармасы "Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру" және "Құрылыс жұмыстарының көлемi" көрсеткiштерi бойынша келесiнi хабарлайды:

Ақмола облысының 2019 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасы аясында тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспары 501,9 мың шаршы метрдi құрайды.

2019 жылдың 6 айында Ақмола облысы бойынша 268,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 108,2%. Тұрғын үй жағдайын 2 317 отбасы жақсартты, оның iшiнде:

- 6,6 мың шаршы метр сатып алу құқығынсыз жалға берiлетiн тұрғын үй, 120 пәтер (Көкшетау қаласындағы үш 40 пәтерлi тұрғын үй);

- Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң салымшылары үшiн 9,7 мың шаршы метр кредиттiк тұрғын үй, 160 пәтер (Көкшетау қаласындағы екi 45 пәтерлi және екi 35 пәтерлi тұрғын үй);

- 8,7 мың ш. м. басқа тұрғын үй, 135 пәтер (Атбасар қ. ТЖ бойынша және облыстық бюджет есебiнен үш 45 пәтерлi тұрғын үй);

- 73,0 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй, 852 пәтер жеке құрылыс салушылардың инвестициялары есебiнен (Аршалы, Жақсы, Целиноград аудандарында, Көкшетау, Степногорск қалаларында);

- 170,9 мың ш. м. немесе 1050 жеке тұрғын үй (облыстың барлық 19 өңiрiнде).

05.07.2019
Қараулар: 358