AA

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында «еститiн мемлекет» тұжырымдамасын iлгерiлету бойынша Мемлекет басшысы қойған мiндеттердi iске асыру және «Азаматтарды бiрыңғай қабылдау күнi» жалпы республикалық акция шеңберiнде қойған мiндеттерiн iске асыру аясында Ақмола облысының барлық деңгейдегi әкiмдерi, мемлекеттiк органдардың басшылары азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Осы iс-шараға Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы М. С. Әубәкiров қатысты.

Құрылыс басқармасы басшысының қабылдауына 2 сұрақ түстi: Ақкөл ауылының тұрғыны Е. В. Водолазова тұрғын үймен қамтамасыз ету және К. Ж. Журунтаева Көкшетау қаласы Сүлейменов көшесi 131 үйде тұратын жаңа құрылыста пластикалық терезелерден үрлеуiне, сондай-ақ жылудың болмау себебi бойынша.

М.С. Аубакиров азаматша Е. В. Водолазоваға Ақкөл ауданында тұрғын үй құрылысы туралы түсiнiктеме бердi, тұрғын үйдi бөлу мәселесi бойынша "Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысы И. И. Юрченко жауап бердi.

Осы жылдың 22 қарашада К.Ж. Журунтаева тұратын мекен-жай бойынша "Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi" ММ, "Pro Build" ЖШС, "Travel Jum Ai" тұрғын үй кооперативi және облыстық құрылыс басқармасының өкiлдерi жоғарыда аталған азаматтың шағымын жоюды анықтау үшiн комиссия жiберiлдi.

Жүргiзiлген тексеру барысында терезе конструкциялары мен жылу батареялардың ақаулары анықталды.

Тексеру кезiнде жылу желiлерiнiң айналымы жүргiзiлдi, жылу беру қалыпқа келтiрiлдi. Құрылыс салушы терезелердiң үрлеуiн жою үшiн құрылыс материалдарын сатып алу жүргiзiлуде, келесi күнi осы ескертулер жойылады.

Бұл өтiнiш Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшылығының бақылауында тұр.

Мақаланы құрған күні 22.11.2019
Қаралым саны: 505
© 2020. Ақмола облысының құрылыс басқармасы