Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысында "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасының 5 бағыты жүзеге асырылуда. 2019 жылға тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспары 501,9 мың шаршы метр құрайды, барлық қаржыландыру көздерiнен 8,7 млрд.теңге қарастырылған. Сонымен, 2017 жылы 3,7 мың пәтер, 2018 жылы 4,7 мың пәтер пайдалануға берiлдi, биылғы жылы 5,2 мың пәтердi пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 145,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiне 100,8% құрайды. Ағымдағы жылдың 4 айында 180 мың шаршы метр астам тұрғын үй пайдалануға берiледi деп күтiлуде.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылдың 3 айында 1 308 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

"Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн сатып алусыз жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша бүгiнгi күнi 6 643 мың шаршы метр жалға берiлетiн тұрғын үй (120 пәтер) iске қосылды.

Жалға берiлетiн тұрғын үйдiң барлығы 29 707 мың шаршы метр (498 пәтер) пайдалануға берiледi.

ЖАО желiсi бойынша несиелiк тұрғын үй бойынша жоспардағы 400 пәтер жыл басынан бастап 160 пәтер (9 691 мың ш.м.) iске қосылып, жыл соңына дейiн 240 пәтер (271,5 мың ш. м.) iске қосылады.

Целиноград және Шортанды аудандарында тұрғын үйлердi iске қосу өсiмi байқалады.

Мақаланы құрған күні 03.05.2019
Қаралым саны: 284
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы