ДССССРБСЖМСНЖК
Құрметті демалысқа шығару

Ақмола облысының құрылыс басқармасы сумен қамту және су тарту объектiлерiнiң құрылысы бөлiмiнiң басшысы Брайда Енканович Багмановты салтанатты түрде құрметтi демалысқа шығарып салды.

Басқарманың басшысы М. Аубакиров оның Ақмола облысының құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулi үлесiн белгiледi.

Еңбек өтiлi 40 жылдан аса құрайды, оыны iшiндегi 18 жыл мемлекеттiк қызметiнде жұмыс атқарды. Осы мезгiлде Ақмола облысының Көкшетау қаласында келесi объектiлер құрылды: облыстық қан орталығы, 500 қабылдау жасауға арналған қалалық емханасы, облыстық перинаталдық орталығы, Достық сарайы, облыстық ауруханасында оңалту орталығы салынды, облыстық өлкетану мұражайының ғимаратын қалпына келтiрiлдi, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжге жалғастыра салынған жай, сонымен қатар шаңғыроллер базасының ғимаратын және трассасын қалпына келтiрiлдi. Облыстың елдi мекендерiнде Жақсы аудынының Жақсы, Целиноград ауданының Қоянды және Талапкер ауылдарында 900 орынға, Қараөткел ауылында, Шортанды ауданының Шортанды кентiнде 1200 орынға, Аршалы ауданының Аршалы кентiнде 600 орынға арналған мектептер және Целиноград ауданының Ақмола ауылында 250 қабылдау жасауға арналған емханасы, сонымен бiрге АIIД ғимараты, сонымен қатар Зерендi ауылында жұқпалы ауруларға арналған бөлiмi, Боровое кентiнде балалар санаториясы салынды.

2014 жылдан бастап сумен жабдықтау бөлiмiнде жұмыс атқарды. Бөлiм облыстың елдi мекендерiнде орталықтандырылған сумен жабдықтау қамтамасыз ету мәселелермен айналысады. Осы жалдарда облыста сумен жабдықтау бойынша 21 жоба iске асырылды.

Қазақстанның мемлекеттiлiгiн дамуына және мемлекеттiң егемендiлiгiн нығайтуына елеулi үлес қосқан үшiн «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Ақмола облысының құрылыс басқарманың бiрiншi басшысы өз iсiне берiлгендiк және еңбекқорлық үшiн Брайда Енканович Багмановқа алғыс айтты.

01.03.2018
Қараулар: 342