Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып Қарағаев Ермек Базарбайұлы тағайындалды.⠀

Ермек Базарбайұлы 1984 жылы 27 сәуiрде Солтүстiк Қазақстан облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетiн "Юриспруденция"мамандығы бойынша бiтiрген.⠀Бар мемлекеттiк қызмет өтiлi 9 жылдан астам.

Еңбек жолын 2007 жылы Көкшетау қаласындағы "МГТ-Көкше" ЖШС инженер-конструкторы болып бастаған.

2009 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың сәуiр айына дейiн "Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi" ММ құрылыс секторының жетекшi маманынан құрылыс секторының меңгерушiсiне дейiн лауазымдарынан өттi.

2012-2014 жылдары "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" ММ басшысының орынбасары қызметiн атқарды.⠀

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы жұмысын атқарды.

2016 жылдың қыркүйек айында "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" ММ басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы құрылыс басқармасының инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарады.

2019 жылғы 28 наурызда құрылыс басқармасы басшысының бұйрығымен конкурстық комиссияның қорытынды отырысының ұсынымы негiзiнде Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып Қарағаев Ермек Базарбайұлы тағайындалды.

Мақаланы құрған күні 29.03.2019
Қаралым саны: 286
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы