ДССССРБСЖМСНЖК
«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, кабинет 531, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)402891, факс: 8(716-2)402891, электрондық мекен-жайы: dep_stroi_akm@mail.ru) бос төменгi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Әлеуметтiк саладағы объектiлердiң құрылысы бөлiмiнiң бас маманы, санаты «D-О-4», 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бюджеттiк қаражат есебiнен салынып жатқан әлеуметтiк саладағы (басқарма бойынша), сумен қамту және су тарту объектiлер құрылысының, сондай-ақ жер асты суларына iздестiру-барлау жұмыстарының барысына мониторинг жүргiзедi, негiзгi қызмет мәселелерi бойынша министрлiктерге, облыстық әкiмдiкке және басқа да ұйымдарға есептiк деректердi құрастырады, нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы келiсiмдер жобасын әзiрлейдi, жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсiне аралық және қорытынды есептердi бередi, коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс және мемлекеттiк комиссиялардың қажеттi құжаттарын рәсiмдейдi.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндiру немесе көлiк құрылысы) немесе өнер (сәулет) саласында жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Тiркелу үшiн тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiккәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 5), 7) және 8)-тармақшаларда көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ және мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының
мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымына орналасуға
конкурс өткiзу қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________ ____________________________________________________________________

________                               ____________________________________
  (қолы)                                  (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»

Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/Дата и место рождения  
2. Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)  
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/Год окончания и наименование учебного заведения  
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)  
5. Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками  
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания(при наличии)  
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/ приема босатылған/ увольнения
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
         

 

______________________ _____________

Кандидаттың қолы/ күні/дата

Подпись кандидата

03.05.2019
Қараулар: 349