Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Қазақстан Республикасы халықтарының бiрлiгi күнiне орай денсаулық сақтау саласының "Атбасар ауданы, Новоалександровка ауылында ауысымына 25 келушiге арналған дәрiгерлiк амбулатория құрылысы" және "Ақмола облысы Аршалы ауданы, 42 Разъезд станциясында медициналық пункт құрылысы", сондай — ақ "Астрахан ауданы, Астраханка селосында дене шынықтыру — сауықтыру кешенiнiң құрылысы" бiрден үш нысанды ашу жоспарлануда.

Естерiңiзге сала кетейiк, екi Денсаулық сақтау нысанының тапсырыс берушiсi Ақмола облысының құрылыс басқармасы, сонымен қатар Астраханка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң нысанының тапсырыс берушiсi Астрахан ауданының құрылыс бөлiмi болып табылады.

Бүгiнгi күнi Денсаулық сақтау объектiлерiнде медициналық қызметкерлердi оқытумен технологиялық жабдықтарды инсталляциялау жүргiзiлуде, ал спорт объектiсiнде технологиялық жабдықтарды iске қосу жүргiзiлуде. Барлық нысандарда аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуда.

Жаңа амбулатория мен медициналық пункт барлық заманауи медициналық талаптарға жауап бередi. Ендi ауыл тұрғындары жаңа заманауи медициналық мекемеде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу мүмкiндiгiне ие болады, ауылдық амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталған, ғимараттар жылытуға қосылған, су құбыры мен кәрiз жүйесi жүргiзiлген.

   

Мақаланы құрған күні 15.04.2019
Қаралым саны: 365
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы