Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуiнiң негiзi» атты Жолдауындағы билiк пен халықтың арасында байланысты нығайтудағы мiндеттердi жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ү.ж. 18 қазанда "Ашық әкiмдiк" форматында ашық есiк күнi өткiзiлдi, ақмолалықтарда барлық басқармалардың өкiлдерiне, сондай-ақ облыс басшысына тiкелей сұрақтар қоюға мүмкiндiк туды. Мұны алдын ала жазылусыз жасауға болады.

Осы iс-шараға Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы М. С. Әубәкiров және оның орынбасары Е. Б. Қарағаев қатысты.

Қойылған сұрақтар тұрғын үймен, құрылыс үшiн жер учаскелерiмен қамтамасыз етуге, елдi мекендердi абаттандыруға және т.б. қатысты болды.

Алдағы уақытта тұрғындармен тығыз байланыс орнату үшiн осындай кездесулер жүйелi түрде өтетiн болады. Оның iшiнде көшпелi қабылдаулар облыс өңiрлерiнде өткiзiледi.

Мақаланы құрған күні 18.10.2019
Қаралым саны: 69
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы