Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары бекiткен Ақмола облысы аумағында тасқын суларды апатсыз өткiзу бойынша облыстық жедел штаб мүшелерiнiң шығу кестесiне сәйкес "Ақмола облысының құрылыс басқармасы" ММ әлеуметтiк сала объектiлерiнiң құрылыс бөлiмiнiң басшысы Г. В. Истислямов, әкiмдердiң орынбасарлары және аудандық төтенше жағдайлар және құрылыс бөлiмдерiнiң өкiлдерiмен бiрлесiп Есiл, Жарқайың және Жақсы аудандарында гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары ерiген суды қабылдау және өткiзу бойынша, бағалау мақсатында, тексерiс жүргiздi.

Жақсы аумағында Чапаев-2 бөгетi орналасқан, бөгеттiң шайылуын болдырмау үшiн 420 тонна инерттi материалдар дайындалды. Су тасқыны кезiнде тәулiк бойы кезекшiлiк, сондай-ақ бөгеттегi судың жай-күйi мен деңгейiн бақылайтын қосымша бекеттер ұйымдастырылады.

Есiл ауданының гидротехникалық құрылыстарын тексеру актiлерiне сәйкес а.Свободное тұзды арқалығының бөгетi бойынша жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу жоспарын әзiрлеу бойынша ұсыныстар берiлдi, қалған гидротехникалық құрылыстар қанағаттанарлық жағдайда.

Сондай-ақ, Есiл-Свободное-Раздольное Қызыл-Су өзенi арқылы 13 км автожол көпiрлерiнiң деформациясы бойынша мәселе ашық күйiнде қалып отыр. Раздольное ауылындағы жол 3 күннен 15 күнге дейiн, айналма үйiндi қалпына келтiргенге дейiн, сондай-ақ Қаракөл өзенi қатты құйылғанда 3 ауыл кесiледi, бұл Қаракөл, Юбилейное, Ейское ауылдары.

Көп жылдық бақылау нәтижелерi бойынша а.Ленинское (62 үй, 110 адам), а.Двуречное (7 үй, 11 адам), а.Курское (6 үй, 18 адам), а.Свободное (12 үй, 43 адам), а.Московское (12 үй, 32 адам)– (барлығы 99 үй, 214 адам) су басуы мүмкiн.

Су басу ықтимал аймақтарға жататын ауылдық әкiмдерiмен халықты уақытша орналастыру үшiн эвакуация және сауда дүкендерiнiң азық-түлiк қоры бойынша iс-шаралар пысықталды, сондай-ақ тұрғындарды көшiру үшiн автокөлiк техникасы анықталды.

Жарқайың ауданында 1966-1975 жылдар аралығында салынған 7 Гидротехникалық құрылыс (жер тiреуiш бөгеттерi) орналасқан. 2018 жылдың күзiнен бастап бөгеттер транзиттiк жұмыс режимiне ауыстырылды.

Тексеру кезiнде Костычев, Уәлихан, Жаңадалы № 1 — Тасты-Талды, Бiрсуат және Зерноград бөгеттерiнде ГТҚ-дағы су көлемi көпжылдықтан салыстырғанда орташа көрсеткiштен төмен екенi анықталды. 2018 жылдың күзiнде су бұру арналары ашылды.

Құмсуат бөгетiнде жағдайы қанағаттанарлық, су бұру жабық.

Қауiп аймағында үш елдi мекен бар: Пригородное ауылы (6 үй немесе 17 адам), Гастелло ауылы (3 үй немесе 11 адам). Костычева (43 үй немесе 126 адам) көке өзенiнiң бойында орналасқан. Барлығы 154 адам тұратын 52 үй.

Аталған елдi мекендердiң әрқайсысы үшiн iс-қимыл алгоритмi әзiрлендi. Су басуы мүмкiн аумақтар аймақтарға бөлiнген (қызыл, көк, жасыл). Көлiк, тиеу-түсiру, халықты эвакуациялау және орналастыру, мүлiктi сақтау, ауыл шаруашылығы малдарын орналастыру, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, азық-түлiк базасы, қоғамдық тәртiптi сақтау мәселелерi пысықталды.

Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен облыстық Азаматтық қорғау жүйесi 18 наурыздан бастап жоғары дайындық режимiне көшiрiлетiн болады.

   

Мақаланы құрған күні 18.03.2019
Қаралым саны: 238
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы