ДССССРБСЖМСНЖК
«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жиналыс

Ақмола облысының құрылыс басқармасында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары В. Крыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ақмола филиалдың, Ақмола облысы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банктiң, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ және екiншi деңгейiндегi банкiлердiң, құрылыс және жобалау ұйымдардың, сонымен қатар басқарма және әкiмдер бөлiмдерiнiң басшылардың қатысуымен 2018 жылғы 10 шiлдеде жиналыс өттi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ақмола филиалының директордың орынбасары Гүлнар Марленқызы Омарова «7-20-25» мемлекеттiк ипотекалық бағдарламаны iске асыру туралы баяндама жасады.

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттiң бес әлеуметтiк бастамасы» атты халыққа үндеуiнде ресми кiрiсi бар әрбiр жұмыс iстейтiн азаматқа 20 пайыздан аспайтын мөлшерде бастапқы жарнамен 25 жылға дейiнгi мерзiмге, жетi пайыз үстемемен ипотеканы рәсiмдеуге мүмкiндiк беру үшiн «7-20-25» мемлекеттiк ипотекалық бағдарламаны әзiрлеу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке тапсырма берген.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы директордың орынбасары Балжан Бақтығалийқызы Бекебаева тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң салымшылары туралы ақпарат ұсынды.

Жиналыс соңында баяндамашылар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бердi.

11.07.2018
Қараулар: 25