ДССССРБСЖМСНЖК
Біздің өңірде мектеп салу

2019 жылы үш ауысымды оқытуды жою үшiн Ақмола облысында республикалық бюджеттен 4 328 ,023 млн.теңге, сондай-ақ облыстық бюджеттен 480,490 млн. теңге бөлiндi.

2019 жылдың тамыз айында Бурабай ауданының Щучинск қаласында 135 орындық интернатымен 800 оқушыға арналған бейiндiк мектептiң құрылысы аяқталды. Бұл жобаның құрылысы"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ғимараттың жалпы ауданы-17298,57 ш. м.

Жаңа мектеп оқу процесiн айтарлықтай күшейтедi, тиiмдi тұрақты бiлiм берудi қамтамасыз етуге ықпал етедi, оқу материалдық базасы мен кадрлық әлеуеттi нығайтады, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Мектеп ғимараты типтiк, 2 корпустан: оқу корпусы мен мектеп жанындағы интернаттан тұрады. Сондай-ақ 4 мектеп автобусқа есептелген гараж бар. Автономды жылыту. Оқу ғимаратының 2-қабатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 18 пәндiк кабинет, 3-қабатта 13 пәндiк кабинет және 7 жаратылыстану — математикалық бағыттағы зертхана орналасқан. Сыныптардың орташа толымдылығы 10-нан 20 адамға дейiн.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейiн келесi нысандардың құрылысын аяқтау жоспарлануда: "Бұланды ауданы Алтынды ауылындағы Алтынды орта мектебiнiң с блогын қайта жаңарту және қазандық құрылысы", "Целиноград ауданы Максимовка ауылындағы 300 орындық орта мектеп", "Целиноград ауданы Қажымұқан ауылындағы 300 орындық орта мектеп".

23.10.2019
Қараулар: 73