ДССССРБСЖМСНЖК
Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында а.ж. 11 тамызында Құрылысшылар күнiне арналған салтанатты шара өттi. Мерекелiк шараға жиналған жұрт алдында құттықтау сөз сөйлеген облыс əкiмi Мәлiк Кенесбайұлы Мырзалин қатысып, сала қызметкерлерiн кәсiби мерекесiмен құттықтады. Сөз сөйлеуiнде алдымен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол өз сөзiнде бүгiнгi күнi құрылыс саланың дамуына құрылысшылардың зор үлес қосып отырғанын атап өттi.

Облыс әкiмiнiң орынбасары денсаулық, сәттiлiк және еңбектерiне жаңа табыстар тiлеп, «Қазақстан құрметтi құрылысшысы» төс белгiсiмен «Намыс» компаниясының бас директоры Сәкен Жұманалиндi, «Кокшеводоканалпроект» серiктестiгiнiң директоры Талғат Тәшiмовтi, «Жақия» серiктестiгi директорының орынбасары Руслан Тумгоевты және «Инсект» серiктестiгi бөлiмiнiң басшысы Майра Игенбаеваны марапаттады.

Сондай-ақ «Еңбек ардагерi» медалi «Кокшеэлектромонтаж» серiктестiгiнiң директоры Омар Сарыжiгiтовке, «Кокшетау горсельпроект» серiктестiгi бөлiмiнiң басшысы Александр Лыковқа, «Ақмола Геодезия» серiктестiгiнiң техникалық директоры Александр Григорьевке табысталды. Бұдан бөлек, аймақ басшысының атынан еңбек ардагерлерiне гүл шоқтары тарту етiлдi.

Салтанатты шараның соңы жергiлiктi өнерпаздардың қатысуымен концерттiк бағдарламаға ұласты.

   

14.08.2017
Қараулар: 1223