ДССССРБСЖМСНЖК
Жақсы ауданының Жақсы ауылында қоныстанушыларға баспана кілтін салтанатты түрде табыс етті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiн мерекелеу қарсаңында Жақсы ауданының Жақсы ауылында "Нұрлы жер" мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынған 27 пәтерлi тұрғын үйдiң кiлттерi салтанатты түрде табыс етiлдi.

Оның iшiнде жетiм балалар, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер,мүгедектер және толық емес отбасылар бар.

Үй салу үшiн республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлiндi.

Тапсырыс берушi — "Жақсы ауданының құрылыс бөлiмi" ММ.

Мердiгер-"УК-Строй" ЖШС (Көкшетау қ.)

27 пәтерлi үй, 3 қабатты, 3 подъезд, пәтерлердiң жалпы ауданы 1301 ш. м. құрайды.

Инженерлiк желiлердiң құрылыс-монтаж жұмыстары "Мухамет 2007-НС" ЖШС (Нұрсұлтан қ.) мердiгерлiк ұйымымен орындалды.

03.12.2019
Қараулар: 123