AA

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Көкшетау қаласында 1 қараша мен 20 желтоқсан аралығында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттiк қызметшiлер арасында "Отан" Х облыстық спартакиадасы өттi. Бұл iс — шара "Ақмола-Адалдық алаңы" жобасының қамқорлығымен басталды. Iс — шараның негiзгi мақсаты-мемлекеттiк қызметкерлер арасында салауатты өмiр салтын насихаттау, спорт пен дене тәрбиесiне баулу, сондай-ақ ұжымдарда достық атмосферасын орнату. Спартакиадаға облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердiң мемлекеттiк қызметкерлерiнен 16 команда қатысты. Жарыс сегiз түрi бойынша өттi: тоғызқұмалақ, үстел теннисi, волейбол, шахмат, оқпен ату, жүзу, шаңғы жарысы және футбол. Спартакиадаға Ақмола облысы құрылыс басқармасының мамандары ғана емес, сонымен қатар басқарма басшысы және басшысының орынбасары да қатысты.

Кез келген осындай жарыс командалық рухты, ұжымның ұйымшылдығын нығайтады және спортта адал бәсекелестiктi қамтамасыз етедi.

Мақаланы құрған күні 20.12.2019
Қаралым саны: 448
© 2020. Ақмола облысының құрылыс басқармасы