Ақмола облысының құрылыс басқармасы

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 3,1 млрд.теңге сомаға қарыз алуға 350 өтiнiм қабылданды. Оның iшiнде 2,2 млрд.теңге сомаға қарыз беруге 255 өтiнiм мақұлданды. Айта кету керек, Ақмола облысы «7-20-25» бағдарлама бойынша республиканың жетi үздiк өңiрлерiнiң қатарына кiредi.

"7-20-25" бағдарламасын тиiмдi iске асыру үшiн 2019 жылы алғаш рет Тәуелсiздiк алғаннан бастап 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

2018 жылы 478,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Жылдық жоспар 102,8% — ға орындалды (жоспар 464,7 мың ш.м.). 11 жалға берiлетiн үй (22,6 мың ш.м., 391 пәтер), 3 несиелiк үй (12,1 мың ш. м., 135 пәтер) iске қосылды.

Ақмола облысы бойынша 2019 жылға арналған тұрғын үйдi iске қосу жоспары 501,9 мың ш. м. құрайды.

Мақаланы құрған күні 12.03.2019
Қаралым саны: 401
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы