ДССССРБСЖМСНЖК
Басқармада Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл Н.Т. Әбдірахмановпен «Мемлекеттік қызметшілердің оң беделін қалыптасуының әдеп негіздері» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді

Ақмола облысының құрылыс басқармасының ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында, а.ж. 29 маусымда Ақмола облысы әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiл Н.Т. Әбдiрахмановпен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және Әдеп кодексiн саласында заңнаманы сақтау мәселелерi бойынша семинар-кеңес өткiзiлген.

Iс-шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және Әдеп кодексi саласындағы заңнама нормалары бойынша түсiндiрмелер мен ұсыныстар берiлген.

Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiнiң қалыптасу негiздерi, киiм нысанының талаптары, шектеулердi сақтау және т.б. жөнiндегi мәселелер ашылған.

Кездесi барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берiлдi. Басқарманың әр қызметкерiмен жеке әңгiмелесу өткiзiлген.

Iс-шарамен 14 адам қамтылған.

 

02.07.2018
Қараулар: 339