ДССССРБСЖМСНЖК
Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрғын үй пайдалануға берілді

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 40 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Үйдiң жалпы ауданы-2125,64 ш.м; пәтерлердiң жалпы ауданы-1532,44 ш.м; қабаттылығы-5 қабат. Пәтер саны-40, оның iшiнде: 1 бөлмелi — 20 дана.; 2- бөлмелi. — 12 дана; 3- бөлмелi — 8 дана. Құрылыс салушы ЖШС "СК РегионСтрой"

Тұрғын үйдегi пәтерлер: көп балалы отбасыларға 10 пәтер, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына 22 пәтер және жетiм балаларға 8 пәтер бөлiндi.

Қазiргi уақытта тағы 2 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Бұл Бөгенбай 25А көшесiндегi 45 пәтерлi тұрғын үй және З. Космодемьянская көшесiндегi 60 пәтерлi тұрғын үй.

30.10.2019
Қараулар: 39