ДССССРБСЖМСНЖК
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89, кабинет 531, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)40-28-91, факс: 8(716-2)40-28-91, электрондық мекен-жайы: dep_stroi_akm@mail.ru) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды.

Инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырады, бастапқы құжаттарды дайындауға (құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдар), ЖСҚ әзiрлеуге және оны белгiленген тәртiпте бекiтуге бақылау жасайды, инвестициялық жобаларды дайындауды және сүйемелдеудi қамтамасыз етедi, «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк» (МЖӘ) бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi, мемлекеттiк сатып алулар (конкурстар) бойынша мониторинг жүргiзiп, талдауды жүзеге асырады, мемлекеттiк сатып алуларды (конкурстарды) ұйымдастырады және өткiзедi; кiрiс/шығыс хат-хабар алмасуына бақылау жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндiру немесе көлiк құрылысы) немесе өнер (сәулет) немесе экономика және бизнес (экономика) саласында жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттерге ие болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Тiркелу үшiн тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Қағидаларының 54-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) белгiленген нысан өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электронды почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар Ақмола облысы құрылыс басқармасының және меммлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы соңғы хабарландыру жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Iшкi конкурсқа қатысатын кандидаттар «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының құрылыс басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұру және барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешiмiне мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шағым бере алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жiберуiңiздi сұраймын

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар: ___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«____»_______________20__ж.

01.04.2019
Қараулар: 322