ДССССРБСЖМСНЖК
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87, кабинет 216, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)40-28-91, факс: 8(716-2)40-28-91, электрондық мекен-жайы: dep_stroi_akm@mail.ru) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Сумен қамту және су тарту объектiлерiнiң құрылысы бөлiмiнiң басшысы, «D-O-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109898 теңгеден 148301 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бөлiмнiң жұмыстарын ұйымдастырады, нормативтiк-құқықтық құжаттарды әзiрлеуге, келiсуге және қолданысқа енгiзуге қатысады, сумен қамту және су тарту объектiлерi құрылысының барысына мониторинг жүргiзудi ұйымдастырады және бақылау жасайды, елдi мекендер үшiн жер асты су қорымен қамтамасыз ету үшiн iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру, Ақмола облысының даму бағдарламасының және нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы келiсiмдер жобаларын әзiрлеудi және келiсудi ұйымдастырады, сондай-ақ осы бағдарламалық құжаттар бойынша есептiлiктердiң белгiленген нысандарын дайындау және беру бойынша бөлiм жұмысын ұйымдастырады, жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсiне аралық және қорытынды есептердi бередi, салынып жатқан сумен қамту объектiлерiне барады; кiрiс/шығыс хат-хабар алмасуына бақылау жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология саласында (құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндiру), жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы құрылыс басқармасының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкiмет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағат бұрын кешiктiрiлмей берiледi. Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар Ақмола облысы құрылыс басқармасының және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуға тиiс.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Ақмола облысының құрылыс басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

____________________

_____________________

(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________

______________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:__________________________________________

____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

21.05.2018
Қараулар: 686