Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Амола облысында тұрғын үйдi пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. Жыл сайын пайдалануға берiлетiн тұрғын үй саны орта есеппен 24 мың м² немесе 750 пәтерге ұлғаяды.

Ақмола облысы бойынша 2017 жылы 426,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3,7 мың пәтер және 2018 жылы 478 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,7 мың пәтер пайдалануға берiлдi, 2019 жылы 501,9 мың м² тұрғын үй немесе 5,2 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

Ақмола облысында "Нұрлы жер" мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесi арқылы халықтың әлеуметтiк осал жiктерi үшiн сатып алмай жалға берiлетiн тұрғын үй және кредиттiк тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда.

Бүгiнгi күнi тұрғын үй құрылысын дамытуға қосымша инвестициялық өсiм "7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы берiлдi, оның шеңберiнде а.ж. 28 ақпандағы жағдай бойынша 2 275,0 млн. теңгеге (республика бойынша 7-орын) 260 өтiнiм мақұлданды (Банк Центркредит).

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастарды және отбасы институтын кешендi қолдаудың басымдығын белгiледi, осылайша 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Президенттiң бес әлеуметтiк бастамасы" атты халыққа Үндеуiнде айтылған "Әрбiр отбасы үшiн тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкiндiктерi" бiрiншi бастамасын iске асыру мақсатында, Ақмола облысы әкiмiнiң қаулысымен (2018 жылғы 27 желтоқсандағы №А-12/577) аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдiктерiне мұғалiм, медицина, полиция және мемлекеттiк қызметкерлерге тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн арттыруға бағытталған "Ақмола жастары" бағдарламасын бекiту, сондай-ақ оны iске асыру бойынша шаралар қабылдау тапсырмасы берiлдi.

Көкшетау қаласында үйлердiң құрылысына бағдарлама аясында жалпы ауданы 3,3 га төрт жер учаскесi анықталды.

Сатып алынатын тұрғын үйдiң түрi-шағын көлемдi, iрi панельдi, бес қабаттан тоғыз қабатқа дейiнгi кредиттiк тұрғын үй, оның сәулеттiк-жоспарлау шешiмiнiң негiзiне барлық үй-жайлардың ең жақсы өзара байланысы бар үнемдi кеңiстiк құру және тұру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қағидаты салынған.

Барлығы Сары Арқа шағын ауданында орналасқан алты көп қабатты тұрғын үй (424 пәтер) салу көзделiп отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы "Жоғары бiлiм алудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту " Жолдауының үшiншi бастамасын iске асыру мақсатында "Регион строй" ЖШС ДСК зауытын индустриялық дайындау панелдерiн қолдана отырып, "Коридорлық үлгiдегi Көкшетау қаласының 300 орындық жоғары колледжi" МКҚК үшiн жатақхана құрылысы" жобасы әзiрленуде.

Мақаланы құрған күні 27.03.2019
Қаралым саны: 410
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы