Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының "Достар" МС үкiметтiк делегациясының жұмыс сапары аясында ҚР премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов, ҚР Бiлiм министрi Күләш Шәмшидинова мен ҚР МИИР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасы Мархабат Жайымбетов көп балалы отбасыларымен және халықтың аз қамтылған жiктерiмен, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерiмен, ардагерлермен, мүгедектер, "Нұр Отан" партиясы, "Атамекен" ҰКП, Iскер әйелдер қауымдастығы, ҮЕҰ өкiлдерiнiң және облыс белсендiлерiнiң қатысуымен әлеуметтiк қолдау шараларын жақсарту мәселелерi бойынша кеңес өткiздi.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң "Нұр Отан" партиясының XVIII съезiнде қойылған және халықтың табысы аз топтарын қолдауға, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерiн шешуге, бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, өңiрлердi кешендi дамытуға бағытталған тапсырмаларын iске асырудың негiзгi бағыттары түсiндiрiлдi.

Көкшетау қаласын аралау барысында ҚР ИжИДМ ҚжТҮ-КШIК төрағасы М. Ж. Жайымбетов "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы объектiлерiне (жалгерлiк, несиелiк тұрғын үй), жеке құрылыс салушылардың коммерциялық ЖК «Джакупов» (9 қабатты 72-п.т.ү.), "Алуа Строй" ЖШС (екi 9 қабатты 88-п.т.ү.) және "К.Г.С. Сауда" ЖШС (9 қабатты 184-п.т.ү.) тұрғын үйлерiне барып қайтты. Сондай — ақ Мархабат Жайымбетұлы индустриялық дайындалған панельдер өндiрушiсi "Регион Строй" ЖШС үй құрылысы комбинатында болды. Аралау барысында "Регион Строй"ЖШС ДСК зауытының панелiнен тұрғызылған 9 қабатты тұрғын үйге барды. Барлық нысандар құрылысының барысымен танысып, Мемлекет басшысының тапсырмасын iске асыру жөнiнде түсiнiктеме бердi. Жеке құрылыс салушылармен кездесуден кейiн жаңа "7-20-25"ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтерлердiң бiр бөлiгiн сату қажеттiлiгi туралы ұсыныстар бердi.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында тұрғын үй құрылысы объектiлерiне бару мақсатында Бұланды ауданының Макинск қаласына және Шортанды ауданының Шортанды кентiне қызметтiк iссапары жүзеге асырылды. Сапар барысында "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын тұрғын үй құрылысы объектiлерiне, сондай-ақ Ақмола облысы әкiмiнiң тапсырмасы бойынша iске асырылатын Макинск қаласындағы жас медициналық қызметкерлерiне арналған үйге барды.

Жұмыс сапары барысында Мархабат Жайымбетұлы "Нұр Отан" партиясының Шортанды аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткiздi", бұл iс-шараға Шортанды ауданының әкiмi, "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы және аудандық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмдерiнiң басшылары қатысты. Аталған iс-шарада көп балалы және жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерi қаралды (Мерей Серiкбол және Кейбек Айжан (жас отбасы), Самохвалова Н. (көп балалы отбасы), Озгерис Нұрбахыт (жас отбасы).

Жалпы, халықпен кездесу барысында елдегi "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, халықтың әлеуметтiк осал топтарын, оның iшiнде көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу туралы түсiнiктемелер берiлдi. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесi арқылы халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жеңiлдiк заемдарын берудiң негiзгi қағидалары мен критерийлерi түсiндiрiлдi.

Активпен кездесуден кейiн "7-20-25" бағдарламасы бойынша азаматтардың белгiлi бiр санаттарына бастапқы мөлшерлеменi төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өтiнiш бiлдiрген адамдарға жеке түсiнiктемелер берiлдi.

Сондай-ақ өңiрлiк БАҚ өкiлдерiне сұхбат берiлдi.

     

Мақаланы құрған күні 01.04.2019
Қаралым саны: 462
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы