ДССССРБСЖМСНЖК
Басшысының өмiрбаяны

Өмiрбаян және еңбек жолы

Марат Сакенович Аубакиров

Аубакиров М.С., 1963 жылы 13 наурызында туған, бiлiмi жоғары, Кокчетав облысы Чкалов ауданы Севастополь ауылында дүниеге келдi.

1980 жылы Целиноград инженерлiк құрылыс институтқа түсiп, 1985 жылы өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша құрылыс-инженерi деген квалификациясын игерiп оқу бiтiрген.

2001 жылы Халықаралық Құқық және нарық академиясында заңгер деген бiлiктiлiк алып, 2014 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi экономика және бизнес магистрi академиялық дәрежесiн игердi.

Еңбек жолын 1985 жылы «Жилстрой» ҚММ «Кокчетавстрой» құрылыс-монтаждық трестiнде 3 дәрежелi тасшы жолынан бастап шебер лауазымына дейiн жұмыс атқарды.

1987 жылы желтоқсаннан бастап 1991 жылғы қаңтарға дейiн Қазақстан ЛКЖО Кокчетав облыстық комитетiнiң Комсомол ұйымдары бөлiмiнiң нұсқаушысы ретiнде iстеп, әлеуметтiк-экономикалық мәселелер бөлiмiнiң меңгерушiсiне дейiн болып жұмыс атқарды.

1991 жылғы қаңтардан бастап 1996 жылғы тамызына дейiн «Кокшетаусельстрой №2» АҚ «Коттедж ШК, КМК 209» құрылыс жұмыстарындағы тiкелей басшы, 1998 жылғы тамыздан 2001 жылғы қарашаға дейiн «Жасм» ЖШС директоры, 2001 жылғы қарашадан 2002 жылғы қыркүйекке дейiн «Максат — Кокше» ЖШС директоры, 2002 жылғы қыркүйектен 2002 жылғы қарашаға дейiн Ақмола облыстық сауда және өнеркәсiбi басқармасы, өнеркәсiбi даму және реформалау бөлiмi бас маманы, 2002 жылғы қарашадан 2004 жылғы тамызға дейiн «Наука — Восток» ААҚ тәртiбi және кадр бойынша президентiнiң көмекшiсi, 2004 жылғы тамыздан 2010 жылғы тамызға дейiн Наука — Сервис» ЖШС директоры, 2010 жылғы тамыздан бастап 2012 жылғы ақпанға дейiн Көкшетау қаласының әкiмi аппараты «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ бастық болып жұмыстар атқарды.

2012 жылғы ақпанда Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды, осы лауазымында 2014 жылғы маусымға дейiн iстедi.

2014 жылғы шiлдеден 2014 жылғы қазанға дейiн Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi сәулет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi Департаментi сәулет, қала құрылысы және градкадастры бас сарапшы, 2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi бойынша комитетi Сумен қамту және су тарту басқармасының басшысы және 2015 жылдың қазаннан 2017 жылдың маусымға дейiн «Астана-АЭК» АҚ басқарма төрағасының келешектегi даму және күрделi жөндеу жөнiндегi орынбасары болып жұмыстар атқарды.

2017 жылғы 14 маусымда Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

2012 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалiмен марапатталған.

Мақалың шыққан күні: 28.07.2016 18:31
Мақаланы жаңартқан күні 05.01.2018 11:31
Қаралым саны: 3416