ДССССРБСЖМСНЖК
Инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Инвестициялық жобаларды дайындау
және сүйемелдеу бөлiмiнiң қызметiндегi
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне
iшкi талдау жүргiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығығымен бекiтiлген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидасының» 2-тарауының 17-бөлiгiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлсiн.

2. Инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлетiн iшкi талдауда 2016 жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейiн қамтылып, төмендегiдей бағытта:

1) бөлiмiнiң қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiрлердi және құқықтық актiлердi пайдалануда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау;

2) мемлекеттiк сатып алу жұргiзу және ұйымдастыруының қорытындылары;

3) мүдделер қақтығысын реттеу;

4) бөлiмшеге қатысты мемлекеттiк органдардың бұрын жүргiзген тексеру нәтижелерi;

5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

6) бөлiмшеге келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi;

7) прокурорлық қадағалау актiлерi;

8) сот актiлерi;

9) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәлiметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң ақпарат көздерi болып табылады.

3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу үшiн жұмыс тобының құрамы бекiтiлсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды персоналды басқару қызметi бас маман К.А. Мухатоваға жүктелсiн.

Басқарма басшысы                                                                                             А. Смайылов

 

 

 

Құрылыс
басқарма басшысының
2016 ж. __________ «___»
№_______ бұйрығына қосымша

Құрылыс басқармасының инвестициялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу бөлiмiнiң қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу үшiн жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

Жұмыс тобының Төрағасы: Жүсiп Еркiн Хакiмұлы
                                              Құрылыс басқармасы
                                              басшысының орынбасары

Конкурстық комиссиясының мөшелерi:

Мизанбеков Р.Қ.     
  • әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы бөлімі басшысы
Тасова Г.Т.               
  • тұрғын үй және өндірістік құрылыс бөлімі басшысы
Багманов Б.Е.  
  • сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы бөлімінің басшысы
Мухатова К.А.
  • персоналды басқару қызметінің бас маманы

Конкурстық  

Қалқышева Л.Б.

комиссиясының хатшысы:  
  • сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы бөлімінің бас маманы
Мақалың шыққан күні: 11.07.2016 09:32
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2016 09:32
Қаралым саны: 1525