ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысының құрылыс басқармасының техникалық кеңесінің кезекті отырысы

А.ж. 25 шiлдесiнде сумен қамту және су бұру объектiлерiнiң құрылысы бөлiмiнде Ақмола облысының Аршалы ауданының Жiбек жолы, Ақбұлақ ауылдарында, Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында және Ақсуат ауылында, Есiл ауданының Дальнее, Красивое, Московское, Жаныспай ауылдарында жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша «Акмола-мониторинг» ЖШС есебi тыңдалды. Жобалар бойынша жалпы бөлiмдерi, топографиялық және гидрогеологиялық карталардың жұмыс негiздерi құрастырылды, масштабтық ғарыштық суреттер жасалды. Жобаларды а.ж. қазан айына дейiн аяқтау жоспарланады.

 

Мақалың шыққан күні: 03.10.2017 18:06
Мақаланы жаңартқан күні 28.09.2018 15:33
Қаралым саны: 1440