ДССССРБСЖМСНЖК
Басқарма туралы Ереже

 

«Ақмола облысының құрылыс
басқармасы» мемлекеттiк мекемесi
туралы ереженi бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.

2. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi камтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары В.Н. Балахонцевқа жүктелсiн.

4. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Облыс әкiмi                                                                                                                           С. Кулагин

 


Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы ____________
№ _____ қаулысымен бекiтiлген

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi-Басқарма) Ақмола облысының аумағында құрылыс саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзiретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2.Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Миссиясы: құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.

14. Мiндеттерi:

1) аумақтар мен елдi мекендердi, құрылыс кешендерiн және инфрақұрылымды әлеуметтiк-экономикалық дамытуға бағытталған құрылыс және басқа да бағдарламаларды iске асыру;

2) құрылыс кешенiн дамыту бойынша инвестициялық нысаналы бағдарламалардың әзiрлеуiне және енгiзiлуiне бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестицияларды тарту үшiн ынталандыратын жағдайлар жасау және оларды тиiмдi пайдалану;

15. Функциялары:

1) жергiлiктi бюджет, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлiнген республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын объектiлердiң және кешендердiң құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекiту;

2) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн консервациялау, облыстық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

3) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзу;

4) тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу;

5) елдi мекендер үшiн жер асты суларына iздестiру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу;

6) объектiлердi пайдалануға қабылдау актiлерiн тiркеу және пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) есепке алуды жүргiзу;

7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттемелерi:

1) сәулет-құрылыс қызметiнiң субъектiлерi шарт мiндеттемелерiн орындауы үшiн облыс аумағында құрылыс қызметiн дамыту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдау;

2) Ақмола облысын дамыту жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және келiсуге қатысу;

3) мердiгер (бас мердiгер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзiмдерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

4) мердiгерге (бас мердiгерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақытылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшiн шаралар қолдану;

5) мемлекеттiк мекеме тапсырыс берушi болып табылатын бекiтiлген құжаттамаға сәйкес объектiлер құрылысының iске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

6) кез келген құрылыс объектiсiне, сонымен қатар құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаратын құрылыс индустрия кәсiпорындарына барып тұру;

7) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне қатысты қажеттi мәлiметтердi жергiлiктi мемлекеттiк органдардан, меншiк түрiне және ведомствалық бағыныстылығына қарамастан кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан белгiленген тәртiпте және келiсiлген мерзiмдерде сұрату және алу;

8) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3.Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ақмола облысы әкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

19. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

1) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi;

2) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

4) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын, штат саны лимитiнiң шегiнде штат кестесiн, қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлiмдер туралы ереженi бекiтедi;

5) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүддесiн барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес бiлдiредi;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және сол үшiн дербес жауаптылықта болады;

7) «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс регламентiн бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға аткарады.

21. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiлiктерiн айқындайды.

4.Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақалың шыққан күні: 21.07.2016 11:57
Мақаланы жаңартқан күні 22.07.2016 17:35
Қаралым саны: 1254