ДССССРБСЖМСНЖК
2016 жылы Ақмола облысының құрылыс басқармасының сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы бөлімімен орындалған жұмыстар.

Ағымдағы жылдың 5 айында келесi жұмыстар орындалды:

1. Қарақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгi және Ақмола облысы әкiмдiгi арасында ауылдық елдi-мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн дамытуға нысаналы даму трансферттерi туралы келiсiм даярланды. Мүдделi тұлғалар аталған құжат бойынша келiсiмге келдi, қол қойылды.

2. Ақмола облысының құрылыс басқармасы мен Бурабай, Еңбекшiлдер және Жақсы аудандарының әкiмдiктерi арасында нысаналы трансфеттер бойынша келiсiм даярланды және қол қойылды.

3. Жақсы ауданымен қосымша келiсiм даярланды және қол қойылды.

4. 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландырылу үшiн, 22 сумен қамту нысандары бойынша өтiнiм және құжаттар пакетi жиналды, тексерiлдi және Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiне өткiзiлдi.

5. «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған, Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан, «Малиновская» құс фабрикасында сумен қамту желiлерiнiң құрылысы» объектiсiн пайдалануға беру бойынша барлық рәсiмдер жасалды, құжаттама әзiрлендi. 2016 жылы 3,39 млн. теңге игерiлдi.

6. 2016 жылға жер асты суларының қоры бойынша iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу бойынша ЖСҚ әзiрлеу үшiн,республикалық органдармен Ақмола облысы бойынша ауылдардың тiзiмi даярланды және келiсiлдi.

7. Жасалған жұмыстардың көлемiн салыстыру және растау үшiн ай сайынiздеу-барлау жұмыстары объектiлерi бойынша бөлiмнiң қызметкерлерiнiң баруы жүзеге асырылды (8 рет). 2016 жылы 108,0 млн. теңге игерiлдi.

8. Құрылыс басқармасына тiкелей және облыс әкiмдiгiнен келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жауап берiлдi (10 өтiнiш).

9. Республикалық органдардан, облыс әкiмдiгiнен, қалалар мен аудандар әкiмдiктерiнен, құрылыс бөлiмдерiнен және басқа мекемелерден келiп түскен хаттарға жауаптар әзiрлеу (147 хат).

10. Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдары үшiн жер асты суларының қосымша қоры бойынша орындаушының ақпараттарын қарау. Барланған жер асты сулары қорының расталуы бойынша «Орталыққазжерқойнауы» өңiраралық департаментiнiң комиссия құрамына қатысу үшiн Қарағанды қ. бару.

Мақалың шыққан күні: 25.07.2016 11:52
Мақаланы жаңартқан күні 25.07.2016 11:52
Қаралым саны: 1198