AA

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

«Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 16265 болып тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның қазақ және орыс тiлдерiндегi қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмелерiн мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице — министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрi                                                                                              Ж. Қасымбек

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "____"________

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушы
____________ С. Жұманғарин
2018 жылғы 3 қаңтар

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 859 бұйрығымен
бекiтiлген

«Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — 16 (он алты) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексередi.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — Өңiрлiк үйлестiру кеңесi отырысының хаттамасынан үзiндi не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк қызмет тегiн негiзде көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14:30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00-ге, 18.30-ға дейiн көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14-30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтiнiш-сауалнама;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшiрме);

3) iске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркiн нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;

4) Бағдарламаға қатысуға мүмкiндiк беретiн шарттарда жобаны iске асыру үшiн кредит беру мүмкiндiгi туралы оң шешiмi бар ЕДБ хаты.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мынадай негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14765 болып тiркелген) белгiленген талаптарға сәйкес келмеу негiздерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атынан келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не болмаса көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңесiне қолма қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

Жүктеу (DOCX 28 Kb)

Мақаланы құрған күні 24.07.2018 17:18
Мақаланы жаңартқан күні 24.07.2018 17:29
Қаралым саны: 1672
© 2019. Ақмола облысының құрылыс басқармасы