ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысы бойынша тұрғын үй құрылысы

Ақмола облысы құрылыс басқармасындағы тұрғын үй және өнеркәсiптiк бөлiмiнiң негiзгi мақсаты тұрғын үйдi енгiзу жоспарының орындалуы болып табылады.

Тұрғын үй бөлiмiнiң негiзгi жұмыстары:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлiгiне, Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстер комитеттi және жер ресурстар басқармасына бюджеттiк сұранымдарды ұсыну және инвестицияалық жобаларды қорғау.

2. Жобаларды пайдалануға енгiзуге дейiн сүйемелдеу және мониторинг жүргiзу

3. Инженерлiк инфрақұрылымдар мен тұрғын үй құрылысы кеңесiн өткiзу және дайындау.

4. Жоғарғы және облыстық, қалалық, аудандық ұйымдармен iскерлiк хат алмасу.

«Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiмен 2018 жылы Ақмола облысына тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспары — 464,7 мың ш.м. жеткiзiлдi, оның iшiнде:

- 21,4 мың ш.м арендалы тұрғын үй сатып алу құқығынсыз;

- 9,9 мың ш.м ЖАО желiсi бойынша кредиттiк тұрғын үй;

- 7,6 мың ш.м «Самрұк Қазына» Жылжымайтын мүлiк қоры желiсi бойынша арендалы тұрғын үй

- 181,1 мың ш.м коммерциялық және басқа да тұрғын үй;

- 244,7 мың ш.м жеке тұрғын үй.

2018 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша 248,4 мың ш.м жалпы ауданы тұрғын үй енгiзiлдi, оның iшiнде:

- 12,073 мың. ш.м ЖАО желiсi бойынша кредиттiк тұрғын үй (135 пәтер);

- 2,897 мың ш.м. басқа да тұрғын үй;

- 79,4 мың ш.м коммерциялық тұрғын үй;

- 154 мың ш.м жеке тұрғын үй.

2018 жылы 9,6 млрд. теңге қарастырылған, оның iшiнде:

- республикалық бюджетттен 6,1 млрд. теңге,

- облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге,

- «Бәйтерек» АҚ-ның мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығару арқылы 1,3 млрд. теңге қаражат тарту.

2018 жылы жалпы ауданы 29 мың шаршы метрдi (511 пәтер) құрайтын жалдамалы 14 тұрғын үйдi пайдалануға енгiзiп, 2017 жылдан 3 есе ұлғайту жоспарланып отыр.

- республикалық бюджет қаражаты есебiнен — жалдамалы тұрғын үйдiң 10 үйi немесе 21,4 мың шаршы метр немесе 383 пәтер (Көкшетау қ. сегiз 40 пәтерлi тұрғын үй, Балкашино а. 18 пәтерлi, Щучинск қ. 45 пәтерлi тұрғын үй);

- облыстық бюджет қаражаты есебiнен жалпы ауданы -7,2 мың шаршы метрдi құрайтын 4 тұрғын үй немесе 128 пәтер (Астраханка с. 36-пәтерлi т.ү., Қосшы ауылында45-пәтерлi т.ү , Атбасар қаласындағы 45-пәтерлi т.ү., Қорғалжын ауданы Сабынды а. 2-пәтерлi т.ү ).

«Бәйтерек» АҚ-ның қаражатын тарту есебiнен «Кредиттiк тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 9,9 мың шаршы метрдi құрайтын 4 несиелiк тұрғын үйдi пайдалануға енгiзу жоспарлануда (екi 45 пәтерлiк тұрғын үй, екi 35- көп пәтерлi үй — 160 пәтер).

Бұл құрылыс көлемiнiң 2017 жылға қарағанда биылғы жылы 2 есеге артуын қамтамасыз етедi (2018 жылы Көкшетауда 12 тұрғын үй салу жоспарлануда (екi 45 пәтерлi т.ү, екi 35 пәтерлi т.ү, сегiз 30 пәтерлi т.ү).

Елбасы жариялаған «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттiк бағдарламасында жеке тұрғын үй құрылысына ерекше көңiл бөлiнедi. Бағдарламаның осы бағыты аясында облыстың 7 ауданында 14 елдi мекенде жеке тұрғын үй құрылысы басталады. Өңiрлерде инженерлiк инфрақұрылымы бар жер учаскелерi дайындалуда.

Осы мақсатқа 2018 жылы республикалық бюджеттен желiлердi салу үшiн 1,8 млрд. теңге бөлiндi:

- сумен жабдықтау — 679 млн. теңге (7 жоба ҚР ИДМ ҚТКШК арқылы);

- электрмен жабдықтау — 1,2 млрд. теңге (9 жоба Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi арқылы).

Оларды iске асырған жағдайда 2,5 мың жер учаскiлерi инженерлiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етiледi, бұл жер участiгiн алу тiзiмiн қысқартады.

Облыс орталығында және облыстың жекелеген аймақтарында жекеменшiк компаниялардың көп қабатты тұрғын үй құрылысы белсендi түрде жүргiзiлуде. Бұл «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттiк бағдарламасының «Жеке құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағытына сәйкес келедi. Бағдарламаның осы бағыты шеңберiнде тұрғын үй мәселелер аймақтық үйлестiру кеңесi арқылы шешiледi. Өткен жылы АӨК бiр жобаны субсидиялауды мақұлдады, биылғы жылы 1,87 млрд. теңгеге алты жобаны субсидиялау мақұлданды.

(2017 жылы Көкшетау қаласындағы 550,0 млн. теңгеге (Банк ЦентрКредит) тұрғын үй құрылысына екiншi деңгейлi банктiң берiлген қарызы бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау мақұлданды).

Жылдың басынан бастап АӨК екi отырысы өткiзiлiп, 1,8 млрд. теңге (АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, «Сбербанк России» АҚ) сомасына 6 жоба субсидияланды).

Ағымдағы жылы өнеркәсiптiк құрылыс технологиясын қолдана отырып, Буланды ауданында медицина қызметкерлерi үшiн 40 тұрғын үй салуды бастау жоспарланып отыр. Осындай жобаларды Зерендi және Бурабай аудандарында жүзеге асыру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының «Әр отбасы үшiн тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкiндiктерi» атты алғашқы бастамасын iске асыру үшiн «7-20-25» (Банк ЦентрКредит) бағдарламасы бойынша 43 млн.теңгеге 5 мақұлданған өтiнiмдерге несие берiлдi.

Мақалың шыққан күні: 25.07.2016 11:40
Мақаланы жаңартқан күні 30.07.2018 16:45
Қаралым саны: 1864