ДССССРБСЖМСНЖК
Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау

2017 жылы «2020 жылға дейiнгi өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша облыстағы ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау бойынша 20 жобаларды жүзеге асыру үшiн 4,6 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде республикалық бюджеттен 3,4 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге.

Ауылды сумен жабдықтау 11 объект пайдалануға енгiзiлдi, оның iшiнде:

7 объект республикалық бюджеттен түгел қаржыландырылған және 10% облыстық бюджеттен бiрлесiп қаржыландырылған (Минское Ақкөл, Каменка Астрахан, Садовое Атбасар, Өркендеу Корғалжын, 96 Разъезд, Кабанбай батыр және Мәншүк Целиноград аудандары).

4 объекттiң енгiзiлуi түгел облыстық бюджеттен қаржыландырылды (Шортанды Шортанды ауданы, Күншалған Ерейментау ауданы, Первомайка Бурабай ауданы және Мамай Еңбекшiлдер ауданы)

11 объектi енгiзу арқылы 216,6 км жаңа су құбыры желiлерi салынды.

2017 жылы 11 объектi пайдалануға енгiзу (оның iшiнде 5 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамассыздарылмаған және тасымалды сумен) арқылы ауылдық елдi мекендердi орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзудi 58,0%-дан (2017.01.01-ге) 58,8 %-ға (2018.01.01-ге) дейiн арттыруға мумкiндiк бердi.

Орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдық елдi мекендердiң саны 01.01.2018 жылға 357 бiрлiктi құрды, 01.01.2017 жылдағы көрсеткiш 352 бiрлiк болатын, ал тасымалды сумен жабдықталған ауылдық елдi мекендердiң саны 26 ауылдан 22 дейiн қысқарды.

Мақалың шыққан күні: 11.01.2018 11:46
Мақаланы жаңартқан күні 11.01.2018 11:46
Қаралым саны: 1675