ДССССРБСЖМСНЖК
Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу барысы

Ағымдығы жылдың 18 тамызында сумен қамту және су тарту объектiлерiң құрылысы бөлiмiнде, облыстық елдi мекендердегi жерасты суларына iздеу — барлау жұмыстарынның материалдарын қарастыру үшiн, басшы орынбасарының төрағалығымен Техникалық Кеңестiң отырысы өткiзiлдi.«Ақмола облысының 9 елдi мекенiн, соның iшiнде:Аршалы ауданында — Волгодоновка, Жалтыркөл, Қойгелдi; Целиноград ауданында — Бабатай, Жалғызқұдық, Антоновка, Қаратомар; Ерейментау ауданында — Новокаменка, Қараталауылдарын жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстары», «Ақмола облысының Зерендi ауданында Қощқарбай, Ұялы (Чаглинскi ауылды аймақ), Бұлақ, Ескенежал, Жаңаауылауылдарын жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу — барлау жұмыстары», «Ақмола облысының Бурабай ауданында Наурызбай батыр, Озерное, Жарқайың ауылдарын жерасты суларықорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу– барлау жұмыстары» объектiлерiндегiжұмыстардың түрлерiн және көлемдерiн өзгерту материалдары Техникалық Кеңеспен тыңдалды. Осы объектiлерде жұмысты орындайтын болып мердiгер ұйым — «Кокшетаугидрогеология» АҚ болады.

Объектiлердегi жұмыстардың түрлерiн және көлемдерiн өзгерту есептерiмен жобалардың авторлары таңыстырылды. Ұсынылған өзгерiстердi авторлар негiзделген деп санады және оларға келiсм бердi.

Техникалық Кеңес объектiлердегi жұмыстардың түрлерiн және көлемдерiн өзгертiлуiмен келiстi және СМ-2Д форма бойынша сметаны қайта есептеудi мердiгер ұйымға тапсырды, сосын оны құрылыс басқармасына тапсыру керегiн айтты.

Мақалың шыққан күні: 03.10.2017 18:05
Мақаланы жаңартқан күні 15.01.2018 16:22
Қаралым саны: 1210